Автор: Управление здравоохранения Павлодарской области
Бекітемін «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ бас дәрігері ________________А.Т. Оспанова «____» _____________ 2015 жыл «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ БАЛАЛАР САНАТОРИЙІ» ММ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ УАҚЫТТАҒЫ ЖҰМЫСЫН
19-05-2015 08:07

Бекітемін

«Павлодар облысының туберкулезге

 қарсы балалар санаторийі» ММ

 бас дәрігері

________________А.Т. Оспанова

«____» _____________  2015 жыл

 

 

 

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ

 ҚАРСЫ БАЛАЛАР САНАТОРИЙІ» ММ

МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ УАҚЫТТАҒЫ

ЖҰМЫСЫНЫҢ ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

    1.1. «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ ішкі еңбек тәртіптемесі Ережесі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы «Санаторлық және сауықтыру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін бекіту туралы» № 178 Қаулысына, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес дайындалып, бекітілді. Мақсаты ұжым жұмысын дұрыс ұйымдастыру, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, еңбек тәртібін нығайту болып табылады.

1.2. Осы Ереже барлық қызметкерлер үшін міндетті.

1.3. Ереже барлығын жаппай таныстыру үшін санаторийдің ақпарат стендтарына, папкаларына және сайтқа салынады.

1.4. Жазғы уақытта жұмысқа кірісетін әрбір қызметкер осы Ережемен дербес танысуға міндетті.

 

2. Жұмыс уақыты

2.1. Ішкі еңбек тәртіптемесі Ережесіне сәйкес міндеттерін орындау уақыты қызметкердің лауазымдық нұсқаулығымен жүктеледі.

2.2. 5-күндік жұмыс аптасы белгіленген, кестеге сәйкес 2 күн демалыс беріледі.

2.3. Қызметкерлердің жазғы уақыттағы жұмыс режимі бас дәрігер бекіткен кестемен анықталады, ол туралы қызметкерлерге хабарланады және көрінетін орында ілінеді.

2.4.  Кезекші мұғалім жұмысқа 15 минут бұрын келеді.

2.5. Балаларды медицина қызметкерлеріне тапсыру күннің бірінші жартысында сағат 13.00-де, екінші жартысында -  сағат 20.00-де.

3. Қызметкердің жазғы уақыттағы құқықтары мен міндеттері

3.1. Қызметкердің құқықтары:

- қауіпсіз еңбек жағдайы;

- белгіленген нормалы жұмыс уақытымен қамтылған демалыс;

- өз құқықтарын қорғау.

3.2. Қызметкерлердің міндеттері:

- тәртіпті, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау;

- басшылықтың өкімдерін уақытылы орындау;

- жаңа келген балаларды санаторийдің ішкі тәртібімен уақытылы таныстыру, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізу;

- бекітілген жоспар бойынша шараларды жүргізу, ай соңында жасалған жұмыстар туралы есеп беру (әзірлемелері мен суреттері салынған папка);

- еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау, балалардың өмірлеріне және денсаулықтарына жарақаттану кезінде қауіп төнген жағдайда шұғыл басшылыққа хабарлау;

- балалардың өміріне және денсаулықтарына жауап беру;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;