Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
«Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санатоийі» ММ құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша Кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ
10-02-2015 07:58

Бекітемін

«Павлодар облысының туберкулезге

 қарсы балалар санаторийі» ММ

бас дәрігері

_______________ А.Т. Оспанова

«____»________________ 2015 жыл

 

«Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санатоийі» ММ

 құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша Кеңесі туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1.1.  Осы Ереже «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша Кеңесінің  бұдан әрі (Кеңес) қызметін реттейтін құжат болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру үшін Кеңес Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық бұзылуышылықтың алдын алу және балалар қараусыздығы мен панасыздығын ескерту туралы» заңын, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарын басшылыққа алады.

1.2. Ереже «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзылушылығын және қараусыздығының алдын алу» қалалық мақсатты бағдарламасына сәйкес санаторийдегі қараусыздық және құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша қызметті реттеу мақсатында дайындалды.

1.3. Құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша Кеңес санаторийдің қоғамдық органы болып табылады, ол құқық бұзылушылықтың алдын алу және балалар қараусыздығы мен панасыздығын ескерту бойынша кешенді жұмыс жүргізеді, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғауды қамтамсыз етеді, оқу-тәрбие үдерісі сұрақтарын түзетеді, бақылайды және оған жағдай жасайды.

1.4. Әкімшілік құқық бұзылушылықтың алдын алу үдерісі тиімділігін артыруды қамтамсыз ету үшін Кеңестің, санаторийдің (дәрігерлер, педагогтер, тәрбиешілер  ата-аналар,) және қоғамдық ұйымдардың  күштерін біріктіреді.

1.5. Кеңестің қызметі және құрамы мекеме басшысы  бас дәрігермен бекітіледі және бұйрықпен ресімделеді.

         Кеңесті құру мақсаты санаторийдегі балалардың құқыққа қайшы әрекетеріне қарсы тұру және олардың толыққанды сапалы білім мен тәрбие алуларына жағдай жасау болып табылады.

 

2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

2.1. Құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша шаралар жргізу; мекеме әкімшілігінің санаторий балаларын үлкендердің еңбегіне адал көзқараспен қарауға, тауарлай-материалдық құндылықтарды сақтауға, заңдарды және санаторий ережелерін сыйлауға, оны мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге жәрдемдесу.

2.2. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады: санаторий балалары арсында, тауарлай-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша шараларды дайындайды, оларды жүзеге асырады; құқық бұзылушылыққа бейімді, санаторийдің ішкі тәртібін, қоғамдық тәртіпті бұзған балалармен  жеке алдын алу жұмыстарын жүргізеді; құқық бұзылушылықтың туындау  себептері мен жағдайларын анықтайды және әкімшілкке оны жою үшін ұсыныстар жасайды; құқықтық насихаттауды жүргізуге қатысады.

3. Кеңес қызметінің  құрылымы және ұйымдастырылуы

3.1 Кеңестің сандық және аттары аталған құрамы жыл сайын Педагогикалық кеңесте бекітіледі және бас дәрігердің бұйрығымен ресімделеді. Кеңес құрамына бөлімше меңгерушісі, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер, психолог, мұғалімдер, тәрбиешілер, ЮПБ инспекторы енеді.  Олар келесі құрамда жасалады:

- Кеңес төрағасы;

-Кеңес төрағасы орынбасары;

- Кеңес хатшысы;

- Кеңес мүшелері.

Кеңес қызметіне медицина қызметкерлері және педагогтер қатыса алады.

3.2. Кеңес отырысы айына бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңес шешімі дауыс беру және ұсыныс  жасау арқылы жүргізіледі. Кеңес отырысының барысы және қабылданған шешімдер хаттама арқылы ресімделеді.

3.3. Кеңес келесі сұрақтарды қарайды:

- санаторийдің құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша жұмысының жағдайы туралы;

- Жарғы талаптарының орындалуы;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңынының орындалуы;

- балалардың үлгерімі және тәртібі туралы;

- балалардың өзара қарым-қатынасы, шиеленіс жағдайын шешу турлы.

3.4. Кеңес құқық бұзылушылықтың, тәрбие және алдын алудың жағдайын  зерттейді және сараптайды; тәртіпті бұзған балалардың жеке істерін қарайды; «тәуекел тобында» тұрған балалардың тәртібіне бақылау жүргізеді; өз міндеттерін орындамайтын, тәртібі нашар балаларды анықтайды, олар туралы кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекцияға хабарлайды; тәртіп бұзылушылыққа бейімді балаларды қызығушылықтарына байланысты ұйымдастырады; өз отырыстарында құқық бұзылушылықтың алдын алу жұмысы, ұсыныстар мен талаптардың орындалуы туралы және сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің тәртіпті және құқық бұзылушылықтың алдын алуды күшейту бойынша жұмыстарының жағдайы туралы есептерін тыңдайды; шешім қабылдау үшін  проблемалық сұрақтарды мекеме отырыстарында талқылауға салады; «тәуекел тобында» тұрған балалармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізеді; мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар арсында  консультациялық-ақпараттық қызметті жүзеге асырады;  қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;  өз қызметтерін сараптайды, мекеме отырыстарында қызмет нәтижесі  туралы есептерін береді.

 

4. Кеңестің құқықтары және міндеттері

4.1. Кеңестің міндеттері:

- балалардың құқық бұзылушылығың алдын алуды жүзеге асырады;

- құқық бұзылушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін артыруға жағдай жасайды.

4.2. Кеңестің құқығы: мұғалімдерге, қызметкерлерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, балаларға тәртіпті түзету және алын алу жұмыстарын жүргізу бойынша жеке және ұжымдық ұсынымдар береді.

 

5. Кеңестің жауапкершілігі

5.1. Кеңес құжаттардың (отырыс хаттамалары, өтінімдер, хаттар) дұрыс ресімделуіне және қабылданған шешімдердің  заңдылығына жауапты.

 

6. Кеңес құжаттары

6. 1. Кеңесті құру туралы бұйрық

6.2.Кеңес Ережесі

6.3. Кеңес қызметінің жоспары

6.4. Кеңес отырысының хаттамалары

6.5 Әлеуметтік паспорты.