Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе бойынша семинар
18-01-2017 05:11
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе бойынша семинар

«Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  агенттігінің департаменті» РММ жанындағы  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасының  басшысы  А.А. Балгожинмен   2017 жылғы  қаңтар айының 17-де  колледжде  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын зерделеу және әкімшілік  бұзылыстар туралы ҚР «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар»  Кодексінің 34 бөлімінің  нормаларын түсіндіру жөнінде ұжым қызметкерлері үшін  тақырыптық  сабақтар  ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар жұмысы барысында мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен заңсыз материалдық сыйақы ұсыну, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен  айналысу және заңсыз кірістер алуы бойынша, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды  қамтамасыз ету  бойынша  басшыларға  қойылатын жоғары талаптар бойынша мәселелер  талқыланды.